Тауар  төлемі  тауардың  келіп  түсуі  бойынша  қолма-қол  ақшамен  және  қолма-қол  ақшасыз  жүргізіледі.  
Тұрақты сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін төлем мерзімінің ұзартылуы мүмкін.
Өнім температура режимі реттелген арнайы  жабдықталған автокөлікпен жеткізіледі.
Біздің кәсіпорын сатып алушының мүддесіне қарай қатырылған  етпен  қоса,  тоңазытылған етті де сатады.
Біз  тұтас  еттің  кез келген  шабылған  және  кесілген  жерін  ұсына  аламыз, сонымен  қатар  сүйектен етті сылып алу цехы бар.
Тапсырыс берілгеннен кейін тауарды жеткізу мерзімі 1-2 күнді құрайды.    
Ет ұзақ  мерзімді ынтымақтастық шарты жасалған, асыл тұқымды мал шаруашылығы зауыттары меншаруашылықтарынан, Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы мал жемдейтін ірі алаңдарынан сатып алынады.    
ҚР «Ветеринария туралы» заңына  сәйкес, сатуға  арналған  ауыл  шаруашылық  жануарларын сою процесі тек  қана  ет  өндіру  кәсіпорындарында, сою пункттерінде  немесе  ауыл  шаруашылық  жануарларын сою алаңдарында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңын қабылдауға байланысты және мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитарлық  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында, дүкендер мен базарларға келіп түсетін аулада сойылған малдың етіне тыйым салынады.      
Өнімнің сапасын республикалық аккредитацияланған  тәуелсіз  ветеринар  зертханасының мамандары, сондай-ақ ветеринар дәрігері мен технологтарқадағалайды.  Кәсіпорын СТ-KZ сапа  сертификатымен расталған, отандық тауар өндіруші болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын ИСО9001-2009ҚР СТ «Сапа менеджменті  жүйесі» және ИСО 14001-2006 ҚР СТ «Экология» талаптарына сәйкес.
«ХАЛАЛ» мұсылмандар үшін басты  және  дұрыс ұғым  болып  табылады.   Бұл  ислам  нормасында  рұқсат  етілген. Ережелер  бойынша  ет  өнімдерін  өндіру  кезінде, сою  үшін семіртілген  жануарлардың  еті  тағамға жарамды  болады.  Жемдеу  кезінде  генетикалық  түрлендірілген және  гормондық қоспаларды пайдалануға тыйым салынады.  Сонымен  қатар жануарлар  соғымы талаптарға  сәйкес  жүзеге асырылуы  керек.  Атап айтқанда,  жануар  бас  көтермейтіндей жылдамдықта  сойылып, қанынан барынша тазартылуы тиіс. Өндіріс процесінде шошқа  еті мүлдем  болмауы  керек. Құрал-жабдықта тек  қана «ХАЛАЛ»  өнімі  дайындалуы  тиіс.