Қой еті

Баранина / Mutton / Қой еті

Толық сипаттамасы

Кәуап, сорпа, палау, харчо, бесбармақ, манты  және  басқа  да  шығыс  асханасының  көптеген  тағамдары,  қой  етімен  дәмді  болады

Деликатес  тағамдары туралы   әңгіме  қозғалса, «қой  еті» сөзі  дәмді  және  хош иісті, сондай-ақ  жұмсақ  және  талғамға  сай  болып келеді. Аспазханада  қозы  еті,  бір  жасқа  дейінгі  жас  төлдің  немесе семірмеген  бір  жарым  жастағы  қойдың еті жиі қолданылады.

Қой  етінің  құрамы  және  пайдасы

Қой  етін  диеталық  ет  құрамына  жатқызады,  өйткені  онда  май  аз.  Бұл  ретте  онда  тез  сіңірілетін  ақуыздар, минералдар  және  витаминдер  құрамы  көп. Бұл кез  келген  адам  үшін,  әсіресе  балалар  мен  егде  жастағы  адамдар  үшін,  сондай-ақ денсаулығы әлсіреген адамдар үшін өте  пайдалы.  Ішкі  органдары  ауыратын  адамдар  үшін қойдың  жас  төлінің  етін  сорпа  ретінде  пайдалануға  кеңес  беріледі.  Қой  еті  ұйқы  безінің  жұмысынреттейді,  диабетті  болдырмайды.

Қой  еті  В: B1, B2, B5, B6, B9, B12 топтағы  витаминдерге , сондай-ақ  PP, E, Д, К витаминдерінебай.  Сонымен  қатар  қой  етінде  калий (222 мг), фосфор (157 мг), натрий (59 мг), магний (21 мг), кальций (16 мг) және  темір (1,55 мг) көп.  Темір  құрамының  пайызы  шошқа  етімен  салыстырғанда  10-30% жоғары.  Сонымен  қатар  қой  етінде холестерин аз,  бұл  адамның  қан тамыр  жүйесіне  пайдалы.