Сиыр еті

Говядина / Beef / Сиыр еті

Толық сипаттамасы

Қазіргі кезде сиыр еті  бірден-бір тиімді және көпшілікке  мәлім  ет  түрі  болып  табылады. Бұқашықтың жасы  мен  тұқымына  байланысты,  ет  шырынды  және жұмсақ  немесе керісінше, қалың  бұлшықеттен  қатты  болуы  мүмкін.  

Сиыр етінің  құрамы  және  пайдасы

Сиыр еті көптеген пайдалы  заттардан  тұрады,  бұл көптеген  зерттеулерде  дәлелденген,  сондықтан да  оны аптасына  кемінде екі –үш  рет  пайдалануға  болады.  Сиыр еті өзінің ақуыз, сондай-ақ  минералды  және  витаминді құрамымен пайдалы.

Тез  қорытылатын  сиыр  етінде  күш  қуат жинауға әсер ететін, адам  үшін  таптырмайтын  8 аминқышқылы бар. Бұл  ет  спортсмендер  мен  дене еңбегімен  айналысатын  адамдарға  ұсынылады.  Сонымен  қатар  денсаулығы  әлсіз  адамдарға  да  сиыр  еті ұсынылады. Бұл  майсыз  өнім қандағы  гемоглобиннің  құрамын  арттырады,  сондай-ақ  тамырды  бекітеді.  Сиырдың  бауыры  инфаркттың туындау  қаупін  төмендетеді.   

Өнімдегі  макро  және  микро  элементтер,  калий  және  кльции,  магний  және  мырыш, фосфор  және  натрий, сондай-ақ  темір  организмге  оң  әсер  етеді.  Сиыр  еті бұлшық  ет  сүйектерін бекітеді, сондай-ақ  ас  қорыту  жүйесінің  дұрыс  жұмыс  атқаруына  негіз  болады. 

Сиыр  етінде нерв  жүйесінің  және  адам  жадысының  дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін  таптырмайтын     В6, В12 витаминдері , сонымен  қатар  ферменттер  құрамына  кіретін  РР  витамині  көп.